Меркі ауданының полиция бөліміне 40 жастағы жергілікті тұрғын алаяққа алданғаны туралы шағымданды, деп хабарлайды inbusiness.kz Polisia.kz-ке сілтеме жасап.
Жәбірленушінің айтуынша, өткен жылдың шілде айында таныс адамы Toyota Hilux автокөлігін нарықтағы құнынан төмен бағада сатып алуға көмектесуге уәде беріп, одан 11 743 700 теңге алған.
Алайда 9 айдан кейін уәде етілген көлікті де, ақшаны да алмағандығын айтты.
Облыс орталығының 39 жастағы тұрғыны ұсталды.
ҚР ҚК 190-бабы 3-бөлігімен сотқа дейінгі тергеу амалдары басталды.
Күдікті УҰИ-на қамаққа алынды.
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ
Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу