Жамбыл тұрғынынан құны 10 млн теңгеге жуық болатын марихуана мен гашиш тәркіленді

359

3 жылдан 7 жылға дейінгі мерзімге бас бостандығынан айыру жазасы қарастырылады.  

Жамбыл тұрғынынан құны 10 млн теңгеге жуық болатын марихуана мен гашиш тәркіленді Фото: polisia.kz

Мойынқұм ауданының құмды аймағынан есірткі заттарын аса ірі мөлшерде сақтады деген күдікпен Байзақ ауданының 43 жастағы тұрғыны ұсталды. 

Жамбыл облысының полиция департаменті есірткі қылмысына қарсы іс-қимыл басқармасының қызметкерлері, ҚР ІІМ ЕҚҚІҚД, “Бүркіт” АМБ, ҚР ҰҰ 5514 ә/б қызметкерлері Тэй атты қызметтік-іздестіру итінің көмегімен Есірткі бизнесіне және нашақорлыққа қарсы күрестің 2023-2025 жылдарға арналған кешенді жоспарын орындау үшін жедел-іздестіру іс-шараларын жүргізді. 

Жасырын орынды тексеру барысында өсімдік тектес заттары бар 17 полиэтилен қап және ұнтақталған заты бар 2 полиэтилен пакет, сондай-ақ есірткі затын ұнтақтауға арналған елек табылып, тәркіленді. Сот-химиялық сараптаманың қорытындысына сәйкес алынған заттардың жалпы салмағы 229 келі 140 грамм кептірілген марихуана және 4 келі 532 грамм гашиш есірткі заты екені расталды. Қара нарықтағы бағасы шамамен 10 млн теңгеге жуық.

– Ұсталған адам бұрын бірнеше рет сотты болған, ол өзінің кінәсін толық мойындады. Қазіргі уақытта осы дерекке қатысты ҚР ҚК-нің 296-бабы 4-бөлігі бойынша сотқа дейінгі тергеп-тексеру амалдары басталды. Осы баптың санкциясымен 3 жылдан 7 жылға дейінгі мерзімге бас бостандығынан айыру түріндегі жаза қарастырылған, – деді ПД ЕҚҚІҚБ бастығының орынбасары Дінмұхамбет Қойториев.

 

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу