Жамбыл және Атырау облыстарының ауылшаруашылық жәрмеңкесі өтеді

738

Жамбыл және Атырау облыстарының ауылшаруашылық жәрмеңкесі өтеді

10-11 маусым күндері "Қазақстан" спорт кешені аумағында Жамбыл және Атырау облыстарының ауылшаруашылық жәрмеңкесі өтеді. Бұл туралы Астана әкімдігінің баспасөз қызметі хабарлады.

Отандық тауар өндірушілер тұрғындарға 172 тоннаға жуық өнім ұсынбақ. Олардың 20 тоннасы – жылқы еті, 56 тоннасы – көкөніс пен жеміс-жидектер, 12 тонна – балық, 20 тонна – қант, 10 тонна – күріш, қарақұмық дақылдары және тағы да басқа көптеген өнім түрлері. Елорда тұрғындары мен қонақтары базардағыдан төмен бағада азық-түлік өнімдерін ала алады. Облыстардан келетін шығармашылық ұжым келушілерді концерттік бағдарламалармен қуантып, көтеріңкі көңіл-күй сыйламақ.

 

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу