Ойсыратып тұрған олқылық та осы, себебі спорт залы мен асханасы жоқ мектептер лицензия да ала алмай отыр.
Бұл тізімді 20 мектебі лицензиясы және лицензияға қосымша ала алмаған Талас ауданы бастайды. Ал Байзақ пен Жуалы аудандарында 9 білім мекемесі лицензияға қол жеткізе алмауда. Сарысуда – 4, Байзақта – 2, Жуалыда 3 мектептің оқушылары дене шынықтыру сабағын далада өткізеді. Осындай күйді Т. Рысқұлов ауданындағы Ю. Гагарин атындағы негізгі мектеп пен Шу ауданындағы Жайсан орта мектебінің шәкірттері де бастан кешіп жүргеніне қанша жыл.
"Дене шынықтыру сабағын кабинетте өту ешбір стандарттарға сай келмейді. Мектептердің лицензия ала алмай отырғаны соған байланысты", – дейді Жамбыл облыстық білім саласында сапаны қамтамасыз ету департаменті басшысының орынбасары Жасұлан Әтенов.
Мектепте асхананың болмауы да – стандартқа сай келмейтін талаптардың бірі. Ал облыста мұндай мектептер саны – 70.
Әзірге, тиісті қаржы қарастырылмайынша, бұл мәселенің шешімі табылмайтыны анық.
Ардақ Үсейінова