Жамбылда 4 адам сібір жарасын жұқтырды

2202

Жамбылда 4 адам  Сібір жарасын жұқтырды. Науқастар облыстық жұқпалы аурулар ауруханасына жедел жатқызылған.

Жамбылда 4 адам сібір жарасын жұқтырды

Төсекке таңылған төрт тұрғын  36 пен 44 жас аралығындағы Жамбыл және Жуалы ауданының малшылары, деп хабарлайды inbusiness.kz тілшісі.

Олардың аса қауіпті ауруды жұқтырғаны  Шақпақ ата ауылындағы амбулаторияға қол жарақатын қаратуға барғанда анықталады.   Ақжелеңділердің айтуынша,  сиыр малын сою кезінде қауіпті инфекция қанға тараған. Бұл күйдіргі індеті  облыс аумағында он жылда бірінші рет болып отыр екен.  Қазір қауіпті аурудың ошағы қоршауға алынып, онда арнайы мамандар жұмыс істеп жатыр. Ал,  қауіпті аурудың қожалық малдарына  қайдан жұққаны әлі анықталу үстінде. 

"Сібір жарасы Жамбыл облысы бойынша болған емес, оншақты жыл болып қалды. Науқастардың барлығының жағдайы орта қалыпты, температуралары дұрыс,  орнында. Өмірлеріне ешқандай қауіп жоқ. Өйткені, олар уақытылы медициналық мекемеге қаралды. Жиырма күннен аса ем қабылдайды", - дейді облыстық жұқпалы аурулар ауруханасы әдістемелік орталығының басшысы Гүлфайра Мырзабекова

Айта кетейік, жыл сайын Жамбыл облысында 2 мыңнан астам адам аса қауіпті Сібір жарасына қарсы егіледі. Аймақтағы 10 аудан бойынша күйдіргі індетін алдын алу бойынша 191 бекет бар. Бұған дейін олардың ешқайссында бұл індет қоздырғышы тіркелмеген көрінеді.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу