Жамбылда 42500 теңгелік әлеуметтік көмек 161 мыңнан астам азаматқа тағайындалды

971

Бұл туралы облыс әкімі Бердібек Сапарбаевтың төрағалығымен өткен төтенше жағдай жөніндегі жедел штабтың кезекті отырысында айтылды.  

Жамбылда 42500 теңгелік әлеуметтік көмек 161 мыңнан астам азаматқа тағайындалды

Жамбыл облысында 42500 теңге мөлшеріндегі әлеуметтік жәрдемақы 161 мыңнан астам азаматқа тағайындалды, деп хабарлайды облыс әкімдігінің ресми сайты.

Отырысқа коронавирустық инфекцияға қарсы іс–қимыл жөніндегі республикалық жұмыс тобының мүшелері – ҚР Президенті Әкімшілігінің мемлекеттік инспекторы Серік Қожаниязов, Денсаулық сақтау министрлігі аса қауіпті инфекцияларды эпидемиологиялық қадағалау басқармасының басшысы Зәуреш Жұмаділова және ішкі істер министрлігі Әкімшілік полиция комитеті қоғамдық тәртіпті және жол қауіпсіздігін ұйымдастыру басқармасы басшысының орынбасары, полиция полковнигі Қанат Уәлиев қатысты.

Облыс әкімінің бірінші орынбасары Бекболат Орынбеков Жамбыл облысында коронавирусты инфекцияға қарсы жүргізіліп жатқан жұмыстар туралы баяндады. Оның айтуынша КВИ-мен ауыратын науқастарды емдеуге тартылған барлық медициналық мекемелер, сондай-ақ карантиндік стационарлар қажетті медициналық препараттармен және жеке қорғану құралдарымен қамтамасыз етілген.

Науқастарды емдеуге тартылған медицина қызметкерлеріне тиісті үстемеақы және сыйақы төленуде. Республикалық бюджеттен жалпы сомасы 40,1 млн.теңгеге барлық үш тәуекел тобындағы 270 медицина қызметкері материалдық көмекке қол жеткізген. Жергілікті бюджеттен шамамен 500 медицина қызметкерінің еңбегін материалдық ынталандыру мәселесі қосымша пысықталуда.

Б.Орынбеков тоблыстың барлық дәріханалары қалыпты режимде жұмыс істеуде екенін жеткізді. Қаладағы дәріханаларда медициналық бетперделер 50 теңгеден сатылуда. Әр адамға 5 данадан артық берілмейді. 55 шағын кәсіпорындарда тәулігіне 80 мыңнан астам бетперде дайындалуда. Антисептиктермен қамтуда да кедергі жоқ. Контрабандашылардан тәркіленген 9 тонна этил спиртінен де антисептиктер дайындалуда.

Карантин кезеңінде табысынан айырылған адамдар да назардан тыс қалмаған. 42500 теңге мөлшеріндегі әлеуметтік жәрдемақы 161 мыңнан астам азаматқа төленді. Атаулы әлеуметтік көмек қарастырылған отбасыларға азық-түлік жиынтығы жеткізілмек. Сонымен қатар, аз қамтылған азаматтарға халық көп тұтынатын тауарларды, сондай-ақ Кедендік бақылау қызметтері тәркілеген тауарларды үлестіру жоспарланып отыр.

Республикалық жұмыс тобының жетекшісі Серік Қожаниязов өңірде коронавирустық инфекцияның таралуына жол бермеу жөніндегі облыстық жедел штабтың жұмысын оң бағалады.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу