Жамбыл облысында халықаралық іздеуде жүрген Өзбекстан Республикасының 35 жастағы азаматы ұсталды, деп жазады inbusiness.kz ІІМ ресми интернет-ресурсына сілтеме жасап.
"Ер адам 2018 жылдан бері Өзбекстан Республикасы Қылмыстық Кодексінің 216-бабы 1-бөлігімен (Кәмелетке толмаған адамды заңсыз қоғамдық бірлестіктер мен діни ұйымдардың қызметіне қатысуға итермелеу) көзделген қылмысты жасағаны үшін мемлекетаралық іздеуде болған. Ол Тараз қаласы полиция басқармасының уақытша ұстау изоляторына қамауға алынды", - делінген хабарламада.
Ақпаратқа сәйкес, ұсталған азамат Өзбекстан құқық қорғау органдарының қызметкерлеріне беріледі.
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ
Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу