Жамбылда 50-ге жуық маман жалған дипломмен жұмыс істеген

Оның ішінде лауазымды тұлғалар да бар. 

Жамбылда 50-ге жуық маман жалған дипломмен жұмыс істеген Фото: Болат Шайхинов

Мамандарға осыған дейін 349 миллион теңгеден астам жалақы төленгені белгілі болып отыр, деп жазады inbusiness.kz сайты. 

Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігі Жамбыл облысын тексерген соң бірқатар былықтың бетін ашқан. Дәлірек айтсақ, спорт және әлеуметтік қорғау саласында 48 маманның жалған дипломмен жұмыс істегені анықталған. 

– Сыбайлас жемқорлыққа қарсы қызметтің Жамбыл облысы бойынша департаменті спорт және халықты әлеуметтік қорғау саласындағы сыбайлас жемқорлық тәуекелдеріне сыртқы талдау жүргізу барысында 48 жалған дипломды анықтады, – делінген ресми хабарламада.

Дипломдардың деректер базасы мен мұрағаттарда тіркелмегені белгілі болған. Сонымен қатар, онда көрсетілген ректордың тегі, аты және әкесінің аты ЖОО басшысының нақты деректерімен сәйкес келмей тұр. 

Жалған дипломның жарға жығатынын білмеген мамандардың арасында спорт мектебінің жаттықтырушыларынан бастап директордың орынбасарларына дейін бар. Оларға осы күнге дейін бюджеттен жалпы сомасы 349 миллион теңгеден астам жалақы төленіпті.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу