Жамбылда 82 тұлғаға айыппұл салынып, 13 адам қамауға алынды

826

Облыста карантин режимінің енгізілуіне орай патрульдік нарядтардың жұмысы күшейтілген.  

Жамбылда 82 тұлғаға айыппұл салынып, 13 адам қамауға алынды

Жамбыл облысында төтенше жағдай кезінде 173 әкімшілік құқық бұзушылық анықталды, деп хабарлайды департаменттің баспасөз қызметі.

Екі ауысымдық режимде қалада 10 мобильді бекет кезекшілік етуде. Олардың әрқайсысына облыстық полиция департаменті басқармасының жауапты басшылары бекітілген.

"Төтенше жағдай кезінде 173 әкімшілік құқық бұзушылық анықталды. Оның 172-сі ҚР ӘҚБтК-нің 476-бабы бойынша орын алған. Атап айтар болсақ, 10 адамға ескерту, 82 адамға 10 АЕК мөлшерінде әкімшілік айыппұл салынып, 13 факті бойынша әкімшілік қамау жазасы қолданылған. Қалғандары бойынша материалдар сотқа жолданды. Сонымен қатар, бір адам ҚР ӘҚБтК-нің 478-бабы бойынша әкімшілік қамауға алынды", – делінген ведомство хабарламасында.

Сонымен қатар, учаскелік полиция инспекторлары аулаларды аралап, облыс орталығы мен аудандарындағы патрульдеу барысында тұрғындарды карантин талаптарын орындауға қатысты ескертулер жасауда.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу