Жамбылда алғаш рет төменгі ерінді бір мезетте қалпына келтіру отасы жасалды

219

Дәрігерлер қатерлі ісікті алып тастап, науқастың төменгі ерінінің қызметі мен табиғи пішінін бір операция барысында қалпына келтірді.  

Жамбылда алғаш рет төменгі ерінді бір мезетте қалпына келтіру отасы жасалды Фото: gov.kz

Жамбыл облыстық көпбейінді онкология және хирургия орталығының дәрігерлері өңірде алғаш рет төменгі еріннің жергілікті таралған қатерлі ісігіне шалдыққан науқасқа бір мезетте реконструкциялық ота жасады, деп хабарлайды inbusiness.kz сайты.

Саттар Аппазов жетекшілік еткен операциялық топ алдымен қатерлі ісікті толық алып тастап, кейін төменгі ерінді бірден қалпына келтірді. Сондай-ақ ісіктің таралу қаупін азайту мақсатында мойын аймағындағы лимфа түйіндеріне де операция жасалды.

Дәрігерлердің айтуынша, заманауи хирургиялық әдістердің арқасында науқастың төменгі ерінінің табиғи пішіні қалпына келтіріліп, сөйлеу және тамақтану қызметі сақталған.

Отадан кейін бір ай өткен соң науқастың жағдайы жақсы. Ем нәтижесінде төменгі еріннің қызметі мен сыртқы пішіні сәтті қалпына келген.

Мамандардың айтуынша, бұл – Жамбыл облысындағы хирургиялық онкология саласындағы маңызды жетістіктердің бірі. Енді өңір тұрғындары мұндай күрделі реконструкциялық оталарды алу үшін республикалық клиникаларға бармай-ақ, жоғары технологиялық медициналық көмекті өз өңірінде ала алады.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу