Жамбылда аңшылыққа шыққан 12 жастағы бала сыныптасын абайсызда атып өлтірді

Оқыс оқиға Мойынқұм ауданы, Құшаман ауылында тіркелген.  

Жамбылда аңшылыққа шыққан 12 жастағы бала сыныптасын абайсызда атып өлтірді Фото: pixabay.com

Жасөспірімдер қоян аулауға қас қарайғанда шыққан, деп хабарлайды inbusiness.kz сайты. 

– Жасөспірімдер қоян аулап жүрген. Балалардың бірі қоянға оқ атқаннан соң ол жаққа барып, жаралы аңды іздеген. Десе де, қоян қашып кетпек болған. Сол сәтте екінші бала қоянды тағы да атқан, – дейді ауыл адамдары. 

Екінші рет атылған оқ сыныптасына дәл тиген. 

Жамбыл облысы полиция департаменті оқиғаны растады. Қазіргі уақытта тергеу жұмыстары басталғанын жеткізді. 

– Полиция қызметкерлері күдіктіні анықтап, бөлімшеге жеткізді. Қазір істің толық, жан-жақты және объективті тергелуін қамтамасыз ету үшін барлық қажетті тергеу әрекеттері жүргізілуде. Сонымен қатар, кәмелетке толмаған балалардың ата-аналарының өз міндеттерін тиісінше орындамауы және бақылаусыз қалдыруы салдарынан балалардың атыс қаруына қол жеткізуіне байланысты олардың жауапкершілігі қарастырылып жатыр. Қылмыстық-процестік кодексінің 201-бабына сәйкес, өзге деректер тергеу мүддесіне орай жария етілмейді, – деді құқық қорғау қызметкерлері. 

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу