Жамбылда ауыл тұрғынынан 50 келіден астам есірткі тәркіленді

530

"Қарасора-2023" жедел-профилактикалық іс-шарасы аясында Шу ауданында жабайы қарасора өсетін жерлерде есірткі дайындау кезінде бұрын сотты болған 39 жастағы жергілікті тұрғын ұсталды, деп хабарлайды inbusiness.kz сайты.

Жамбылда ауыл тұрғынынан 50 келіден астам есірткі тәркіленді Фото: Бейнежазбадан

50,3 келі кептірілген марихуана және каннабис өсімдігі есірткі құралдары тәркіленді.

Жедел-іздестіру іс-шараларын Жамбыл облысы ПД ЕҚҚІБ, ҚР ІІМ ЕҚҚІД, ҰҰ "Бүркіт" АМБ қызметкерлері Теа атты қызметтік-іздестіру итін қолдана отырып жүргізді.

Ұсталған адам кінәсін мойындап, Шу қаласының УҰИ-ға қамауға алынды. ҚР ҚК 296-бабы 4-бөлігімен сотқа дейінгі тергеу басталды.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу