Жамбылда диқандар дронмен дәнге дәрі сеуіп жүр

449

Аэро құралдың құны да арзан емес.

Жамбылда диқандар дронмен дәнге дәрі сеуіп жүр Фото: google.com

Фермер ұшу аппараты үшін  8 млн теңгесін сарп еткен. Дрон тыңайтқыш себуде де таптырмас құрал көрінеді. Өйткені 1 сағатта 20 гектар егіс алқабын дәрілей алады, деп хабарлайды inbusiness.kz тілшісі.

Агро саладағы мұндай ноу-хауды Жуалы шаруалары қолданысқа енгізіп отыр. Көлемі жұмыс үстеліндей қондырғы ауыр техниканың қызметін алмастыра алады. Бұрын дәрілеу үшін диқандар арнайы көлік жалдап, қалта қағуға мәжбүр болған. Арпа мен бидай сепкен фермер ерек әдісті ютуб арқылы, қытайлық шаруалардан қарап меңгерген.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу