Жамбылда енесінің атынан несие рәсімдеген әйел сотталып кетті

106

Айыпталушы шартты түрде бір жылға сотталды.

Жамбылда енесінің атынан несие рәсімдеген әйел сотталып кетті Фото: ЖИ

Енесі өз атынан несие алынғанын тек 1 айдан соң ғана білген, деп хабарлайды inbusiness.kz сайты. 

Жуалы аудандық сотының мәліметі бойынша, 2025 жылдың қараша айында келін енесін алдап-арбап, оның түр-әлпетін телефонға қаратып, онлайн тексеруден өткізген. Кейін енесінің телефонына келген сандарды айтып, 1,5 миллион теңге несие рәсімдеген. Артынша енесінің шотына түскен ақшаны өзіне аударып, оны өз қажетіне жұмсаған. 

Енесі арада бір ай өткеннен кейін ғана бұл туралы хабардар болған. Ондада несиенің кезекті төлемі туралы хабарламаны көргенде ғана сенген.

– Прокурор әйелді 1 жылға түрмеге қамауды сұраған. Енесі оны кешіріп, несиенің сомасын толық қайтаруды және келінін бас бостандығынан айырмауды сұраған. Келін болса кінәсін мойындап, кешірім сұраған. Сот тараптарды тыңдай келе келінді бір жыл шартты түрде соттап, енесіне 1,5 млн теңге қайтаруды үкім етті, – деп хабарлайды Жамбыл облысының соттары.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу