Жамбылда ер адам асырап алған баласын өлтірген болып шығуы мүмкін

122

Өңірдің Талас ауданында 35 жастағы ер адам асырап алған 10 жасар ұлын өлтірді деген күдікке ілінді. Себебі бүлдіршіннің өлер алдында аяусыз соққыға жығылғаны анықталды, деп жазады inbusiness.kz сайты.

Жамбылда ер адам асырап алған баласын өлтірген болып шығуы мүмкін Фото: polisia.kz

Алдын ала деректерге сенсек, Жуалы ауданында тұратын отбасы тағы төрт асырап алған баланы тәрбиелеп отыр. Қайғылы оқиға кезінде олар Таласта болған. Тергеу олардың басқа ауданда болу себебін де анықтап жатыр. Ал күдіктіні полиция қамауға алған.

“Бұл оқиға бойынша сотқа дейінгі тергеу басталды. Жедел-іздестіру іс-шаралары барысында полиция қызметкерлері күдіктіні оқиға орнында ұстап, уақытша ұстау изоляторына қамады. Қазір іс бойынша тергеудің толықтығын, объективтілігін және жан-жақтылығын қамтамасыз етуге бағытталған барлық қажетті жедел-іздестіру шаралары жүргізіліп жатыр”, – делінген хабарламада.

 

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу