Жамбылда ерекше білім беруді қажет ететін 204 баланың құқығы қорғалды

346

ППТК-дағы заң бұзушылықтар анықталып, 15 қызметкер тәртіптік жауапкершілікке тартылды.  

Жамбылда ерекше білім беруді қажет ететін 204 баланың құқығы қорғалды Фото: gov.kz

Меркі ауданының прокуратурасы "Психологиялық-педагогикалық түзету кабинеті" коммуналдық мемлекеттік мекемесінің қызметіне талдау жүргізіп, ерекше білім беруді қажет ететін балалардың құқықтары бұзылғанын анықтады, деп хабарлайды inbusiness.kz сайты.

Талдау барысында ППТК-ға баратын 204 балаға түзету көмегін ұйымдастыру кезінде заң талаптарының сақталмағаны белгілі болды.

Қолданыстағы нормативтерге сәйкес, баланың жасына қарай түзету сабақтарының ұзақтығы 35-тен 45 минутқа дейін болуы тиіс. Алайда мекемеде сабақтар 30 минуттан ғана өткізілген.

Сонымен қатар жеке дамыту бағдарламаларында көзделген сағаттар балалар бойынша мамандардың қорытындылары мен ұсынымдары ескерілместен жоспарланған. Жеке дамыту бағдарламалары, сабақ кестесі және өткізілген сағаттарды есепке алу журналдарында да сәйкессіздіктер анықталған.

Прокуратураның қадағалау актісі бойынша балалардың сабақ кестесі мен жеке дамыту бағдарламалары заң талаптарына сәйкестендірілді.

Анықталған заң бұзушылықтарға жол берген ППТК-ның 15 қызметкері тәртіптік жауапкершілікке тартылды.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу