Жамбылда есірткі тасымалдаған Астана қаласының тұрғыны ұсталды

196

Жамбыл облысында полиция есірткі арнасының жолын кесті, деп хабарлайды inbusiness.kz сайты.

Жамбылда есірткі тасымалдаған Астана қаласының тұрғыны ұсталды Фото: polisia.kz

Жамбыл облысы полиция департаменті есірткі қылмысына қарсы іс-қимыл басқармасы мен патрульдік полиция батальонының қызметкерлері жедел-іздестіру іс-шараларын жүргізу барысында Алматы — Екатеринбург автожолының 430-шақырымында Toyota Camry көлігін тоқтатты. Қызметтік-іздестіру итінің көмегімен көліктің жүксалғышын тексеру кезінде жолаушыға тиесілі спорттық сөмкеден скотчпен оралған пакет табылды. 

– Пакеттің ішінде өзіне тән иісі бар кристалл тәрізді зат болған. Сараптама қорытындысына сәйкес, тәркіленген зат жалпы салмағы 470,07 грамм болатын альфа-PVP синтетикалық есірткі заты болып шықты, – делінген ақпаратта. 

Аталған дерек бойынша ҚР Қылмыстық кодексінің 297-бабының 3-бөлігімен сотқа дейінгі тергеп-тексеру басталды. 34 жастағы күдікті Астана қаласының тұрғыны уақытша ұстау изоляторына қамалды.

Тергеу амалдары жалғасып жатыр.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу