Жамбылда ішімдік ішіп жолаушы тасымалдаған 11 автобус жүргізушісі ұсталды

107

Барлығы 69 жолаушы көлігі айып тұрағына қойылды.

Жамбылда ішімдік ішіп жолаушы тасымалдаған 11 автобус жүргізушісі ұсталды Фото: polisia.kz

Жамбыл облыстық полиция департаментінің баспасөз қызметі таратқан соңғы жаңалық Тараз қаласы тұрғындарының төбе шашын тік тұрғызды. Жұртшылықтың жағасын ұстатқан жаңалықтан кейін тұрғындар енді автобусқа мінуге үрейленіп отыр, деп хабарлайды inbusiness.kz тілшісі.

19 қаңтарда Тараз қалалық патрульдік полиция қызметкерлері жол ережесін бұзған автобус жүргізушісін тоқтатады. Тексеру барысында 47 жастағы жүргізушіден өткір алкоголь иісі шығып тұрады. Полиция қызметкерлері жүргізушінің мас болуы мүмкін деп күдіктеніп, медициналық сараптамаға жібереді. Ал медициналық тексеру автобус жүргізушісінің орташа деңгейде мас күйінде болғанын растады. Бүгінде жиналған материалдар сотқа жіберіліп, автобус арнайы айып тұрағына қойылды.

Жолаушылардың өміріне қауіп төндірген жүргізуші әкімшілік қамауға алынып, 7 жылға дейін жүргізуші куәлігінен айырылуы мүмкін.

Жалпы Жамбыл облысында "Тасымалдаушы" жедел-профилактикалық іс-шарасы барысында полиция қызметкерлері жолаушы тасымалымен айналысатын жүргізушілердің 853 жол ережесін бұзу дерегін анықтады. Оның ішінде 11 жүргізуші автобусты мас күйінде басқарған. Барлығы 69 жолаушы көлігі айып тұрағына қойылды.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу