Жамбылда қатты желден бірнеше үйдің шатыры ұшып кетті

Күн райының күрт бұзылуынан Сарысу ауданының аумағында электр жарығы уақытша өшіп қалған. 

Жамбылда қатты желден бірнеше үйдің шатыры ұшып кетті Фото: видеодан алынған кадр

Сондай-ақ, Бейбітшілік көшесінде орналасқан ту тұғырының құлағаны да белгілі болды, деп хабарлайды inbusiness.kz сайты. 

Осылайша, 6 ақпанда Жамбыл облысы, Сарысу ауданы, Жаңатас қаласында екпіні 32 м/с-қа дейін жеткен қатты желдің салдарынан бірқатар нысанға зақым келген. 

– 1-шағын аудандағы № 32, 33, 34, 35 тұрғын үйлердің, 3-шағын аудандағы № 6 тұрғын үйдің, 4-шағын аудандағы № 15 және № 15 "а" тұрғын үйлердің шатырлары жартылай ұшқан, – деп ақпарат таратты Жамбыл облысы әкімдігі. 

Қазіргі уақытта нақты зардап шеккен азаматтар туралы ақпарат тіркелмеген. Оқиғаға байланысты аудан әкімдігінде жедел штаб құрылып, зерделеу және қалпына келтіру жұмыстары жүргізілуде. 

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу