"ҚазАвтоЖол" ҰҚ" АҚ көлік жүргізушілеріне ескерту жасап жатыр, деп хабарлайды inbusiness.kz тілшісі.
Табиғаттың тосын мінез танытуына байланысты Жамбыл облысында көлік қозғалысына шектеу қойылып отыр.
"2024 жылғы 6 қарашада сағат 16:00-ден 2024 жылғы 7 қараша сағат 04:00-ге дейін Жамбыл облысында ауа райының бұзылуына байланысты республикалық маңызы бар "Алматы-Ташкент-Термез" автожолының 535-593 шақырым аралығында (Айша бибі ауылынан Түркістан облысының шекарасына дейін) көліктің барлық түрінің қозғалысына шектеу қойылады", – деп жазды "ҚазАвтоЖол" ҰҚ" АҚ ресми арнасы.
Бұған дейін елімізге 11 градустық аяз жақындап келе жатқанын жазған едік.
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ
Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу