Жамбылда колледж басшысы 25,5 млн теңге жымқырған

212

Жамбыл облысының прокурорлары білім беру саласында бюджет қаражатын жымқыру фактісін анықтады, деп хабарлайды inbusiness.kz сайты.

Жамбылда колледж басшысы 25,5 млн теңге жымқырған Фото: arasha.kz

Техникалық және кәсіптік білім беру мамандарын даярлауға арналған 25,5 млн теңге қаражат ұрланған.

Жамбыл облысының Білім басқармасының "Түзету мекемесі жанындағы №15 колледж" басшылығы оқуға іс жүзінде қатыспаған сотталғандарға білім бергені үшін 3 жыл көлемінде қаржыландыруды заңсыз алғаны белгілі болды. 

2025 жылғы 5 ақпанда облыс прокуратурасы Қылмыстық кодекстің 189-бабы 4-бөлігінің 2) тармағы бойынша сотқа дейінгі тергеп-тексеруді бастады (сенiп тапсырылған бөтен мүлiктi иемденiп алу немесе талан-таражға салу). 

Қылмыстық-процестік кодекстің 201-бабына сәйкес тергеу мүддесі үшін өзге ақпарат жария етуге жатпайды.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу