Жамбылда көпбалалы отбасылар үшін 10 жатақхана салынады

1091

Сондай-ақ, облыстағы 7 500 аз қамтылған және көпбалалы отбасылардың коммуналдық төлемдерін төлеп беру үшін 500 миллион теңге бөлу жоспарлануда. 

Жамбылда көпбалалы отбасылар үшін 10 жатақхана салынады

Жамбыл облысында тұрғын үй кезегінде тұрған тұрмысы төмен және көпбалалы отбасылар үшін 10 жатақхана салынады, деп хабарлайды ҚазАқпарат.

"Жатақхананың 7-уі облыс орталығынан, 3-уі Шу, Қаратау, Жаңатас қалаларында салынады", – деп мәлім етті көпбалалы аналармен кездескен облыс әкімі Асқар Мырзахметов.

Оның айтуынша, өңірдегі аз қамтылған және көпбалалы аналарға қажетті көмек көрсетіледі, ол үшін бюджеттен 30 млрд теңге бөлінген. Тұрмысы төмен және көпбалалы отбасылардан шыққан 29 мың балаға мектепте тамақтандыруға 2 миллиард теңге, формасын алып беру үшін 500 миллион теңге бөлінуде. Бұдан бөлек, 23 мың оқушыға жазғы сауықтыру лагерлеріне тегін жолдама берілмек.

 "Аз қамтылған және көпбалалы отбасынан шыққан оқушылар мен түлектер үшін де айтарлықтай жеңілдіктер жасалынады. Айталық, биыл колледждерге бөлінетін 13 мың гранттың 50 пайызы аз қамтылған және көпбалалы отбасының балаларына тиесілі болмақ. Яғни, 6 жарым мыңға жуық студент мемлекет есебінен колледждерде тегін оқытылады. Олардың шәкіртақысы мен тамақтануына 1,7 миллиард теңге қаралмақ", – деді облыс әкімі.

Сондай-ақ, облыстағы 7 500 аз қамтылған және көпбалалы отбасылардың коммуналдық төлемдерін төлеп беру үшін 500 миллион теңге бөлу жоспарлануда. Облыс әкімі аз қамтылған және көпбалалы отбасылардың 70 пайызы ауылда тұратынын ескеріп, оларға демеушілер есебінен қайтарымсыз мал беру қайырымдылық шаралары да қарастырылып жатқанын айтты. Сонымен қатар, әлеуметтік қолдау көрсету үшін құрылатын арнайы комиссия құрамына да көпбалалы аналар қосылады.  

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу