Жамбылда коронавирустан жазылып шыққан адам – 29 жаста

746

Тұрғыннан екі рет талдау алынып, инфекцияның жоқтығы расталды.  

Жамбылда коронавирустан жазылып шыққан адам – 29 жаста

Жамбыл облысы Шу ауданының 29 жастағы тұрғыны коронавирустан сауығып шықты, деп хабарлайды облыс әкімдігінің баспасөз қызметі.

"29 жастағы азамат Қырғыз Республикасынан оралғаннан кейін 24 наурызда одан алынған талдаулар қорытындысы оң нәтиже көрсеткен болатын. Екі апта ішінде ол инфекциялық стационарда жатып, қажетті ем-дом шараларын қабылдады", – делінген хабарламада.

Ол енді алдағы екі апта бойы дәрігерлердің бақылауымен үй карантинінде болады.

 

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу