Жамбылда көші-қон ісімен заңсыз айналысқан қылмыстық топ құрықталды

146

Күдіктілер уақытша ұстау изоляторына қамалды.  

Жамбылда көші-қон ісімен заңсыз айналысқан қылмыстық топ құрықталды Фото: polisia.kz

Жүргізілген жедел-іздестіру іс-шараларының нәтижесінде Жамбыл облысы ПД ұйымдасқан қылмысқа қарсы күрес басқармасының қызметкерлері ҰҚК шекара қызметінің жедел бөлімшелерімен бірлесіп, прокуратураның үйлестіруімен Жамбыл облысы аумағында заңсыз көші-қон арнасын ұйымдастырды деген күдікпен Алматы облысы мен Меркі ауданының тұрғындарын ұстады, деп жазады inbusiness.kz сайты.

Тінту барысында олардан шетел азаматтарының фотосуреттері, төлқұжаттары, телефондар, банк карталары, сондай-ақ 1 миллион теңгеден астам қаражат тәркіленді.

Ұсталғандардың Қазақстан Республикасының мемлекеттік шекарасын заңсыз кесіп өтуге жәрдем көрсеткен көрші елдің азаматтары анықталды.

"Қылмыстық топ мүшелері алдын ала сөз байласу арқылы және өздерінің заңсыз әрекеттерін ауыл шаруашылығы жануарларын жаюмен бүркемелеп, шетел азаматтарын мемлекеттік шекара арқылы заңсыз өткізуді ұйымдастырған", – деп хабарлады ҚР ІІМ.

Аталған дерек бойынша Қазақстан Республикасы Қылмыстық кодексінің 394-бабының 2-бөлігімен (Заңсыз көші-қонды ұйымдастыру) сотқа дейінгі тергеп-тексеру басталды.

Қазіргі уақытта тергеу жүріп жатыр.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу