Жамбылда құрамында бағалы металдар бар шикізатты заңсыз өңдейтін цех табылды

382

Қуат көзіне қосылған 3 қолдан жасалған ұсақтағыш, сондай-ақ жалпы салмағы 1 тоннаға жуық әртүрлі тастар табылып, тәркіленді. 

Жамбылда құрамында бағалы металдар бар шикізатты заңсыз өңдейтін цех табылды Фото: Polisia.kz

Жедел ақпаратты жүзеге асыру барысында Мойынқұм аудандық полиция бөлімінің қызметкерлері Мойынқұм ауылының 54 жастағы тұрғынының жеке тұрғын үйінің қосалқы ғимаратында құрамында бағалы металдар бар шикізатты заңсыз өңдейтін шағын цехты анықтады.

Тексеру барысында қуат көзіне қосылған 3 қолдан жасалған ұсақтағыш, сондай-ақ жалпы салмағы 1 тоннаға жуық әртүрлі тастар табылып, тәркіленді.

Аталған дерекке қатысты ҚР ҚК-нің 295-1-бабының 1-бөлігі (Бағалы металдар мен асыл тастардың, құрамында бағалы металдар бар шикізат тауарларының заңсыз айналымы) бойынша сотқа дейінгі тергеп-тексеру амалдары басталды. Сараптама тағайындалды.

 

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу