"Жамбыл адалдық алаңы" жобасы аясында өңір тұрғындары ендігі кезекте еңбекке жарамсыздық парақтары мен медициналық анықтаманы QR код арқылы ала бастады.
ҚР мемлекеттік қызмет істері және сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс – қимыл агенттігінің Жамбыл облысы бойынша департаментінің бастамасымен іске аса бастаған жоба медицина саласындағы жемқорлықтың алдын алуға бағытталып отыр.
Арнайы мобильді қосымша арқылы құжаттың заңды немесе заңсыз берілгендігін оңай анықтап, уақытты да үнемдеуге болады. Жоба іске қосылғалы 2 мыңнан астам адам еңбекке жарамсыздық парағын осы жүйе арқылы алған.
Айта кетейік, "Жамбыл адалдық алаңы" жобасы аясында тұрғындар балабақша, мектеп, медицина салаларына қатысты арыз-шағымдары мен ұсыныстарын да әлеуметтік желі арқылы бере алады.