Жамбылда 50-ге жуық адам мектеп асханасындағы тамақтан уланған

426

35 адамның жағдайы орташа тұрақты.

Жамбылда 50-ге жуық адам мектеп асханасындағы тамақтан уланған Фото: inbusiness.kz

Жамбыл облысы Байзақ ауданы Н.Киікбаев атындағы орта мектебінде оқитын Байзақ ауданының орталық ауруханасына жатқызылған науқастардың жағдайы белгілі болды, деп хабарлайды Inbusiness.kz сайты.

Бұл туралы Жамбыл облысы әкімдігінің баспасөз қызметі мәлімдеді.

Науқастарға барлық қажетті медициналық көмек көрсетіліп жатыр.

Аталған мәселе бойынша облыс әкімі Ербол Қарашөкеевтің тапсырмасымен арнайы комиссия құрылды.

Айта кетейік, Сарыкемер ауылындағы Н.Киікбаев атындағы мектеп-гимназиясының оқушысының әлсіздікке, құсу бойынша шағымданған алғашқы өтініші 7 қараша күні түстен кейін тіркелген болатын.

Жамбыл облысы әкімінің тапсырмасына сәйкес, республикалық мамандардан, анестезиологтардан, педиатрлардан, токсикологтардан және инфекционистерден тұратын комиссия құрылды.

46 адамның 33-і ауруханаға жатқызылды, жағдайы орташа тұрақты.

Жалпы практика дәрігерлерінен, педиатрдан, учаскелік медбикеден тұратын 16 мобильді топ 205 ауланы аралап, осы күні оқу орнының асханасына келген қалған оқушыларды тексеру жүргізілді.

Тексеру қорытындысы бойынша олардың жағдайы қанағаттанарлық жағдайда, шағымдар мен ауру белгілері жоқ.

Айта кетейік, мектепте тамақпен қамтуға жауапты ЖК "Тоқсейітовтің" жұмысы мән-жайлар нақтыланғанға дейін тоқтатылды. Мектеп оқшауланған, бактериологиялық зерттеу шаралары жүргізіліп жатыр.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу