Жамбылда облысында коронавирус жұқтырған 9-шы адам Түркия азаматы

786

Науқастың болған жерлері бойынша дезинфекциялық өңдеулер жүргізілді.  

Жамбылда облысында коронавирус жұқтырған 9-шы адам Түркия азаматы

Жамбыл облысында тіркелген коронавирустың тоғызыншы дерегі Түркия азаматынан анықталған, деп хабарлайды облыс әкімінің баспасөз қызметі.

Анықталған науқас Бішкек-Алматы бағыты бойынша жүк тасымалдаған 59 жастағы Түркия азаматы болып шықты.

Алгоритмге сәйкес медициналық қызметкерлердің үйлесімді әрекеттерінің арқасында азамат Қырғызстан-Қазақстан шекарасынан енген уақытта карантиндік стационарға оқшауланған. Одан коронавирусқа алынған талдаулар оң нәтиже берді.

Жақын байланыста болған төрт адам анықталып, карантинге орналастырылды. Олардың талдаулары теріс нәтиже көрсетті.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу