"АРиО" деп аталатын жаңа қауымдастық "Атамекен" кәсіпкерлер палатасының облыстық филиалы алаңында құрылып, алдағы уақытта өңірдегі мейрамхана, қонақ үй бизнесін өркендетуге өз үлесін қоспақ.
"Облысымыздың рестораторлары мен отельерлері кәсіпкерлердің тегін заңгерлік көмек алуы, қызмет көрсету құрамдарының оқытылуы мен өзге де мәселелердің оңтайлы шешілуі үшін бір құрылым аясына бірігуде. Оларға қауымдастық тарапынан гранттар мен тендерлерге, айрықша маңызға ие өңірлік іс-шараларға, айтарлықтай жеңілдікпен шеберлік сыныптарына, PR-компанияларға қатысу мәселелерінде қолдау көрсетілетін болады", – дейді "АРиО" қауымдастығының төрайымы Айгүл Ақшалова.
Алдағы уақытта қауымдастықтың ұйымдастыруымен "Аспаздар академиясы" мектебі мен аспаздық студия ашылады деп жоспарлануда.