Жамбылда шетелдік көлік иелерінің бірде-бірі нөмірлерін тіркемеген

979

Қазіргі таңда Жамбыл аймағында Қырғызстанмен қатар, Армения мен Ресей елдерінен жеткізілген 7500 автокөлік бар. 

Жамбылда шетелдік көлік иелерінің бірде-бірі нөмірлерін тіркемеген

Алматы қаласында – екі, Нұр-Сұлтанда – бір, Оралда да бір ғана автокөліктің иесі заң талаптарын орындаған. Бұл туралы Жамбыл облыстық полиция департаментінің әкімшілік полиция басқармасының процессингтік орталығының басшысы, полиция подполковнигі Жайдарбек Құттыбаев айтты.

"Ел азаматтарының көршілес елдерден сенімхат арқылы автокөлік сатып алып келгені баршаға аян. Мұндай жағдай біздің облыста да баршылық. Өңірімізде негізінен Қырғыз Республикасынан жеткен автокөліктер көп кездеседі. Олар шамамен 2017 жылдан бастап әкелінген", – деді ол. 

Полиция подполковнигінің сөзіне қарағанда, көлік иелері күшіне енген тиісті заң талаптарын орындауы шарт. Ал қазіргі таңда Жамбыл аймағында Қырғыз Республикасымен қатар, Армения мен Ресей елдерінен жеткізілген 7500 автокөлік бар екен. 

"Ол көліктердің бірінші наурызға дейін тіркелуі керек екенінен жүргізушілер хабардар. Бүгінгі күнге дейін еліміз бойынша бірнеше ғана автокөлік тіркеуден өткен. Нақтырақ айтсақ, Алматыда – екі, Нұр-Сұлтан, Орал қалаларында бір-бір автокөліктің иесі заң талаптарын орындаған", – деді ол. 

Әсел Мұратбекқызы
 

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу