Жамбылда соғыс ардагерлеріне экскурсия ұйымдастырылды

2300

Екінші дүниежүзілік соғыстың ардагерлері Тараз қаласындағы бірнеше мұражайда болып, қаланың тарихымен танысты.

Жамбылда соғыс ардагерлеріне экскурсия ұйымдастырылды

Тараз қаласы әкімдігінің ішкі саясат бөлімінің ұйымдастыруымен 11 қыркүйек күні "Қазақстанның сакралдық географиясы" арнайы жобасы аясында ардагерлердің қатысуымен экскурсия ұйымдастырылды, – деп хабарлайды Жамбыл облысының баспасөз қызметі.

Ардақты ардагерлеріміз "Желтоқсан" скверіндегі "Желтоқсан толқыны" субұрқағына, "Көне Тараз" ашық аспан астындағы археологиялық саябағына, Керей мен Жәнібек хандардың ескерткіштеріне, Бауыржан Момышұлы атындағы "Жеңіс" саябағында орналасқан "Даңқ" залына барды.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу