Жамбылда такси жолаушысынан 5 келіге жуық марихуана тәркіленді

430

Ұсталған адам өз кінәсін толығымен мойындады. 

Жамбылда такси жолаушысынан 5 келіге жуық марихуана тәркіленді Фото: polisia.kz

Меркі – Шу – Бурылбайтал трассасының 260-шақырымында аумақты патрульдеу кезінде полиция қызметкерлері Honda Accord автокөлігін тоқтатты. 

Автокөліктің багаж бөлігінен жолаушы болып келе жатқан Астана қаласының 38 жастағы тұрғынына тиесілі, жалпы салмағы 4 келі 700 грамм кептірілген марихуана салынған полиэтилен пакеті табылды. 

Оған қатысты сот қамауда ұстау түріндегі бұлтартпау шарасын таңдады. 
Аталған дерекке қатысты ҚР ҚК-нің 296-бабы 4-бөлігі (Есірткі, психотроптық заттармен, сол тектестермен өткізу мақсатынсыз заңсыз жұмыс істеу) бойынша сотқа дейінгі тергеп-тексеру амалдары жүргізіліп жатыр. 

Баптың санкциясы 3 жылдан 7 жылға дейінгі мерзімге бас бостандығынан айыру түріндегі жазаны көздейді. 

 

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу