Жамбылда "Таза-Талас" басшылығы мемлекеттік мүлікті жымқырғаны үшін сотталды

182

Мемлекетке келтірілген залал мөлшері 22 млн теңгені құраған.

 Жамбылда "Таза-Талас" басшылығы мемлекеттік мүлікті жымқырғаны үшін сотталды Фото: Pixabay.com

Талас ауданының прокуратурасы "Таза-Талас" ШЖҚ КММ-нің теңгерімінде тұрған автокөліктерді жымқыру фактісін анықтады, деп хабарлайды inbusiness.kz cайты.

Мекеме басшылығы жалған құжаттар негізінде, сатылымға шығарусыз 4 автокөлікті үшінші тұлғаларға сатқан.

Мемлекетке келтірілген залал мөлшері 22 млн теңгені құраған.

Аталған дерек негізінде Талас ауданының прокуратурасы ҚК 189-бабы 4-бөлігі 2-тармағымен (кінәліге сеніп тапсырылған бөтен мүлікті адамдар тобының алдын ала сөз байласуымен, аса ipi мөлшерде талан-таражға салу фактісі бойынша) сотқа дейінгі тергеп тексеру бастаған.

Қылмыстық іс, облыс прокуратурасының сотқа дейінгі тергеп-тексеру басқармасымен тергелді.

Іс шеңберінде прокуратурамен құны 10 млн теңгені құрайтын 2 автокөлік қайтарылып, 7 млн теңге мемлекет пайдасына өндірілді.

Талас аудандық сотының 2024 жылғы 13 маусымдағы үкімімен "Таза-Талас" мекемесінің директоры және оның орынбасарына мемлекеттік қызметте лауазымдарды атқаруға өмір бойына тыйым сала отырып, 7 жыл мерзімге бас бостандығынан айыру жазасы тағайындалды.

Сот үкімі заңды күшіне енген жоқ.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу