Жамбылда тойдағы көлік кортежінің қатысушылары жауапкершілікке тартылды

620

Жамбыл облыстық ПД қызметкерлері әлеуметтік желілерді мониторингтеу барысында Байзақ ауданының Сарыкемер ауылында той салтанатының шеруінде көлік кортежінің қатысушылары жасаған заңсыз маневрлерді анықтады, деп хабарлайды inbusiness.kz сайты.  

Жамбылда тойдағы көлік кортежінің қатысушылары жауапкершілікке тартылды Фото: Бейнежазбадан

Бейнематериалды зерделеу барысында жол ережесін бұзу деректері тіркелді: заңсыз орнатылған қызыл-көк түсті жарық сигналдары, мемлекеттік тіркеу нөмірінің болмауы, көлік терезесі мен люктен басы мен қолын сыртқа шығарып отырған жастар, дрейф және т. б.

Полицейлер оқиғаның бүкіл қатысушыларын анықтады. Құқық бұзушылардың жасы - 22-27 аралығында.

Мәселен, "Lada 21703" және "BMW 530" маркалы көлік иелері ҚР ӘҚБтК 590-бабы 9-бөлігінің, ҚР ӘҚБтК 230-бабы 2-бөлігінің, ҚР ӘҚБтК 596-бабы 2-бөлігінің, ҚР ӘҚБтК 630-бабының 1-бөлігі бойынша әкімшілік жауапкершілікке тартылды.

Сондай-ақ ҚР ӘҚБтК 593-бабының 1-бөлімі бойынша "BMW 525" маркалы автомашинаның жүргізушісіне және ҚР ӘҚБтК 603-бабының 2-бөлімі бойынша "Toyota Camry" иесіне әкімшілік хаттама толтырылды.

Көлікке арнайы жарық сигналдарын заңсыз орнату және қарсы қозғалыс жолағына шығу фактілері бойынша іс материалдары әкімшілік сотқа жіберілді.

Көліктер айып тұрағына қойылды. Тәртіп бұзушыларға жалпы сомасы 265 мың 650 теңге көлемінде айыппұл салынды.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу