Жамбылда үш айда 13 азамат ұлтын ауыстыруға өтініш берген

1022

Жыл басынан бері, небәрі үш ай ішінде Жамбыл облысының 13 азаматы өз ұлтын ауыстыру үшін өтініш берген. 

Жамбылда үш айда 13 азамат ұлтын ауыстыруға өтініш берген Фото: turkystan.kz

Бұл туралы Жамбыл облысының полиция департаменті көші-қон қызметі басқармасының бастығы Арман Тұрдалиев хабарлады, деп жазады inbusiness.kz сайты.

Жалпы, облыста анықтама деректерін өзгерту үшін 528 адам өтініш білдірген.

Оның ішінде 501 азамат тегін ауыстырғысы келсе, 14-і туған күні мен жылын өзгертуді қалаған. 13-і тіпті, өзге ұлт өкілі атанғысы келген.

Сондай-ақ, Арман Тұрдалиевтің айтуынша, Қазақстан Республикасының азаматтығына жеңілдетілген тәртіппен қабылданған – 542 адам, ҚР Президентінің Жарлығы бойынша қабылданған 54 адам құжаттандырылған.

Жалпы алғанда, облыс тұрғындарына 9 657 паспорт және 23 591 жеке куәлік беріліп, 4 295 азаматтың жоғалған құжаттары қайта қалпына келтірілген.

Көрсетілген уақыт аралығында облыс бойынша жеке басын куәландыратын құжаттар ресімдеу үшін 33 мың 139 электрондық өтінім жіберілген.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу