Жамбылда ұсталған күдікті полицей Антикор қызметшісіне қару кезенген

183

Соттың санкциясымен күдікті қамауға алынды.

Жамбылда ұсталған күдікті полицей Антикор қызметшісіне қару кезенген Фото: aikyn.kz

Жамбыл облысында аудандық полиция бөлімі қызметкерлері қылмыстық әрекетінің жолын кесілді. Бұл туралы ҚР Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігінің ресми өкілі Данияр Бигайдаров айтты, деп хабарлайды inbusiness.kz сайты.

– Жамбыл облысы бойынша Сыбайлас жемқорлыққа қарсы қызмет шекара маңындағы бір аудандық полиция бөлімі қызметкерлерінің қылмыстық әрекетінің жолын кесті. Олар жанар-жағармай материалдарын Қазақстан Республикасынан заңсыз әкетуге жол беріп, шетелдік азаматтардан материалдық сыйақы алды деген күдікке ілінді. Осы заңсыз әрекеттердің нәтижесінде көрші мемлекеттің азаматтары мұнай өнімдерінің заңсыз айналымын ұйымдастырған, – деді ол баспасөз мәслихатында.

Ресми өкілдің айтуынша, тергеу әрекеттерін жүргізу барысында, күдіктілердің бірі өңірлік Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл департаментінің қызметкерлеріне қызметтік қару қолдану арқылы қарсылық көрсеткен. Тергеу жалғасуда.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу