"Қыста біз іздеу жұмыстарын тоқтаттық. Өйткені ауа райы жағдайы оны жалғастыруға мүмкіндік бермеді. Жұмыс басталғалы бері утилизация жұмыстарына кірістік те, тиісінше, іздеу жұмыстары да жалғасып жатыр. Егер ол дәл сол уақытта жарылыстың эпицентрінде болған болса, онда оның денесінің түгі қалмауы мүмкін", – деді Руслан Жақсылықов.
Министрдің айтуынша, жұмыс ауқымы өте үлкен. Сол себепті ол жерді тексеру жұмысын жіті жүргізу керек.
"Бұл ауа ауқымды шығын. Жұмыс жетерлік. Мен оның отбасын түсініп отырмын. Біз ол әскери қызметшіні қаза тапты немесе із-түссіз деп тануды ұсындық. Солай ғана Қарулы күштер тарапынан оларға тиесілі төлем берілер еді. Біз отбасын түсініп отырмыз. Сол себепті іздеу жұмыстары жалғасуда. Ішкі істер органдары да бұл іспен айналысып жатыр", – деді ол.