Халықаралық "АрМИ – 2017" әскери ойындары негізінен Ресей, ҚХР, Әзірбайжан, Белорусь және Қазақстанда өткізілетіні мәлім. Ал биыл аталған әскери сынның үш кезеңі Жамбыл жерінде, нақты айтқанда Қордай ауданындағы "Мәтібұлақ" әскери полигонында өткізілуде, деп хабарлайды abctv.kz.
Бүгін басталған айтулы додаға 18 елдің ең үздік деген 400-ге тарта әскери қызметкері қатысуда. Ал қатысушы мемлекеттердің тиісті сала басшылары мен министрлік өкілдері шараны тамашалауда.
Осыған дейін "мерген шебі" және "артиллериялық оқ ату шеберлері" аталымдары бойынша жарысып келген әскерилер биыл бағдарламаға жаңадан қосылған "ұшқышсыз ұшу аппараттарымен әуеден барлау" бойынша да өз шеберліктерін көрсетуде.
Айта кетейік, өткен жылы ұйымдастырылған "АрМИ – 2016" ойындарының екі кезеңінде де қазақстандық жауынгерлер бірінші орын алып, қатысушы 13 мемлекеттің арасында абсолютті чемпион болған еді.