Жамбылда жазасын өтеушілер үшінші рет екпе алды

934

Тоғыз ай бұрын "Спутник V" вакцинасын алған жазалы жандарға бұл жолы "QazVac" вакцинасы салынды.

Жамбылда жазасын өтеушілер үшінші рет екпе алды

Жамбылда жазасын өтеушілер үшінші рет екпе алды, деп хабарлайды inbusiness.kz ІІМ ақпараттық порталына сілтеме жасап.

Қайта вакцинациялау жұмыстары Таразда қаласындағы түзету мекемелерінде де жүргізіліп, сотталғандар екпе қабылдады. 

"ҚР Бас санитар дәрігерінің №49 қаулысына сәйкес 22 қарашадан бастап елімізде ревакцинация басталды. Қазіргі таңда 78 сотталған азаматқа үшінші рет екпе салынды. Қоғам арасында вирустың таралуын төмендету мақсатында, сонымен қатар індеттен қорғанып, пандемия ертерек аяқталуы үшін екпе еккізу баршамыз үшін маңызды", – деді ЖД-158/5 мекемесінің бастығы Бақытжан Шарипбеков.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу