Жамбылда жерге көмілген қару-жарақ табылды

1072

Сегіз автомат пен оған арналған 17 оқжатар, бір граната, 12 калибрлі газ-травматтық қару, "Krall" маркалы мылтық және бір пышақ табылған.  

Жамбылда жерге көмілген қару-жарақ табылды

20 қаңтарда Жамбыл облысы Полиция департаментінің қызметкерлері жедел-іздестіру іс-шараларын жүргізу барысында Жамбыл ауданы Қостөбе ауылының маңынан жасырылған қару-жарақ тапты, деп хабарлайды inbusiness.kz ІІМ ақпараттық сайтына сілтеме жасап.

"Белгісіз адамдар сегіз бірлік автомат пен оған арналған 17 оқжатар, бір граната, 12 калибрлі газ-травматтық қару, "Krall" маркалы мылтықты және бір пышақты қапқа салып, жерге көміп кеткен. Аталған дерек бойынша ҚР Қылмыстық кодексінің 287-бабы 3-бөлігімен сотқа дейінгі тергеп-тексеру амалдары жүргізілуде. Сот-баллистикалық сараптама тағайындалды", – деп хабарлады Жамбыл облысы ПД бастығының орынбасары Нұржан Қалметов.

Жамбыл облысының Полиция департаменті қарудың, оқ-дәрілердің, арнайы құралдардың орны туралы хабарлаған немесе оларды полицияға өз еркімен тапсырған адам қылмыстық және әкімшілік жауапкершілікке тартылмайтынын еске салады. Анонимдікке кепілдік беріледі. 
 

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу