Жамбылдағы төбелесті полиция бақылауға алды

1688

Полицияның күшімен қақтығыс тоқтатылды, жағдай бақылауда.  

Жамбылдағы төбелесті полиция бақылауға алды

Жамбыл облысының Қордай ауданы Масаншы ауылында тұрғындар арасында топтық төбелес болды, деп хабарлайды облыстық Полиция департаментінің Баспасөз қызметі.

"Жамбыл облысы Полиция департаментінің Тергеу басқармасы Қазақстан Республикасы Қылмыстық кодексінің 293-бабы (бұзақылық) бойынша сотқа дейінгі тергеуді бастады.

Қақтығысты бастаушылар мен қатысушылар анықталуда.

Жамбыл облысының Полиция департаменті азаматтардан тек ресми ақпаратқа сенуді және қауесеттер мен жалған хабарламаларды таратпауды сұрайды" деп хабарлайды.

Жалған ақпаратты, оның ішінде әлеуметтік желілер мен мессенджерлер арқылы таратқаны үшін қылмыстық жауапкершілік қарастырылғанын ескертеміз.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу