Жамбылда жол картасы аясында 14 мыңнан астам жұмыс орны құрылды

783

 Жұмыспен қамтылған жұмысшылардың кемінде жартысы жұмыспен қамту орталықтары арқылы жұмысқа орналасуы керек.

Жамбылда жол картасы аясында 14 мыңнан астам жұмыс орны құрылды

Жамбыл облысында "Жұмыспен қамтудың жол картасы" аясында 831 жобаны жүзеге асыру жоспарланған, деп хабарлады өңір әкімінің баспасөз қызметі

Оның ішінде 180 жоба әлеуметтік нысандардың инфрақұрылымын дамытуға, 200 жоба – ТКҮШ, 327 жоба – инженерлік-көлік инфрақұрылымын дамытуға, 124 жоба елді мекендерді абаттандыруға бағытталған.

Өңірде 19 599 жаңа жұмыс орнын құру көзделуде. Жұмыспен қамтылған жұмысшылардың кемінде жартысы жұмыспен қамту орталықтары арқылы жұмысқа орналасуы керек.

Бүгінгі таңда 821 жобаны іске асыру басталған десек, оған 14 мыңнан астам адам, оның ішінде жұмыспен қамту орталықтары арқылы 7 мың адам тартылған.

Бағдарлама тұрғын үй мәселесін шешуге де өз үлесін қосуда. Оның шеңберінде 706 пәтерлік 12 тұрғын үйді пайдалануға беру жоспарланған, бұл тұрғын үй кезегіндегілердің баспана мәселесін 2 пайызға төмендетеді деп күтілуде.

"Жұмыспен қамтудың жол картасын" іске асыру нәтижесінде өңір бойынша материалдық-техникалық база жаңартылып, денсаулық сақтау мен спорт нысандарының қол жетімділік деңгейі артады. 20 мыңнан астам ауыл тұрғындары таза ауыз сумен қамтылып, орталықтандырылған сумен жабдықталған тұрғындар үлесі 72 пайыздан 75,4 пайызға дейін өспек. Жақсы және қанағаттанарлық жағдайда жолдардың үлесі 59,5 пайыздан 77,2 пайызға дейін, абаттандырылған аулалар үлесі 9,7 пайыздан 31 пайызға дейін артуы көзделген.

Сонымен қатар, Қордай ауданындағы Масаншыи, Сортөбе, Булар батыр, Қаракемер ауылдары газдандырылады. Табиғи газбен 50 мыңнан астам адам қамтамасыз етілмек.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу