Жамбылда жол-көлік оқиғасын азайтудың ерекше тәсілі енгізілді

1629

Жамбылдық полицейлер жол-көлік оқиғаларының алдын алудың жаңа тәсілдерін енгізіп жатыр.

Жамбылда жол-көлік оқиғасын азайтудың ерекше тәсілі енгізілді

Облыс полицейлері өңірдің қозғалысы көп автожолдарына "3D" форматтағы арнайы қызметтік машиналардың макетін қойып, кезекті жаңа эксперимент жасауда, деп хабарлайды ҚазАқпарат.

Сынақ ретінде орнатылған макет қозғалыс қауіпсіздігінің және жол-көлік оқиғаларының алдын алуға өз әсерін тигізеді деп күтілуде.

"Полицияның көлігін" көрген жүргізушілер бірден жылдамдықты төмендетіп, қауіпсіздік белдігін тағып, жол қозғалысының барлық ережелерін мұқият орындайды. Сынақтың бірінші күнінде-ақ тәртіп сақшылары жаңалықтың жақсы нәтижелерін байқады. Макеттер қойылған көлік көп жүретін жолдарда бірде-бір жол ережесін бұзу жағдайы тіркелген жоқ", – деді облыстық Полиция департаменті баспасөз қызметінің жетекшісі Гүлсара Мұхтарқұлова.

Эксперимент сәтті аяқталған кезде көліктер ең көп жүретін өңірдің тас жолдарында және ЖКО жиі болатын жолдарда орнатылатын макеттердің санын арттыру жоспарлануда екен.

Айта кетейік, бұдан бөлек, патрульдік полиция автокөліктерінің муляждарынан бөлек, республикалық маңызы бар жолдардың 50 учаскесінде жүргізушінің рөлде ұйықтап кетуінің алдын алу мақсатында "шулы" жолақтар орнатылған.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу