Жамбыл облысында орналасқан "Мыңарал балық зауыты" балық чипсі мен котлетін экспортқа шығара бастады, деп хабарлайды облыс әкімінің баспасөз қызметі.
"2014 жылы іске қосылған кәсіпорын жылына 1,5 мың тонна балық өндіруге қауқарлы. Құны 600 млн теңгенің іргелі кәсіпорнында жетпіске тарта адам тынбай еңбек етеді", – деп жазылған хабарламада.
Олардың басым бөлігі жергілікті жердің тұрғындары.
Былтыр кәсіпорын 615,7 тонна балық өнімін өндірсе, 2017 жылдың екі айында 16 млн теңгенің өнімін өндіріпті.
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ
Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу