Жамбылдағы "Руханият" орталығына Шерхан Мұртаза есімі берілуі мүмкін

1743

Жаңадан бой көтеріп жатқан "Шахристан" этно-мәдени кешенінде "Руханият" орталығы салынып жатыр.  

Жамбылдағы "Руханият" орталығына Шерхан Мұртаза есімі берілуі мүмкін

Жамбыл облысында халық жазушысы, қоғам қайраткері Шерхан Мұртаза атындағы Руханият орталығы ашылуы мүмкін, деп хабарлайды Қазақ радиосы.

Сондай-ақ, қазақ әдебиеті мен баспасөзінің белгілі тұлғасының есімін өңірдегі 3 мектеп және 2 кітапхана беру жолында бастама көтеріліп, ол бағытта тиісті жұмыстар жүргізілуде. Бұл туралы облыстық тілдерді дамыту басқармасы басшысының міндетін атқарушы Нәбира Сүйманова жеткізді.

 "Соған Шерхан Мұртазаның есімін беру ұсынысы облыстық мәслихат сессиясында қаралып, республикалық ономастикалық комиссияға жолдағанбыз. Комиссия қорытындысын күтіп отырмыз. Бұдан бөлек, Шерхан Мұртазаның есімін 3 мектепке және 2 кітапханаға беру туралы ұсыныстар түскен. Бұл ұсыныстарды облыс әкімі атынан хат дайындап Президент Әкімшілігіне жібердік", – деді Нәбира Сүйманова.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу