Жамбылдағы трагедия: 9 адамның қаза тапқаны белгілі болды

988

Жамбылдағы жарылыстан қаза тапқандардың саны артып барады, деп хабарлайды Atameken Business.  

Жамбылдағы трагедия: 9 адамның қаза тапқаны белгілі болды

Соңғы мәліметке сенсек, төтенше жағдай салдарынан 9 адам қаза тапқан. Қорқыныштысы, бұл қара тізім әлі толығуы мүмкін, өйткені төтеншеліктер тағы бірнеше адамды әлі жан ұшыра іздестіріп жатыр.

Екі жыл бұрын Арыста болған жарылыс жайы бүгін Президент өткізген шұғыл жиналыста да көтерілді. Жиын барысында қару-жарақ қоймаларында әлі де шешілмеген түйінді мәселелердің бар екенін құзырлылылар мойындап отыр. Сондықтан, Қасым-Жомарт Тоқаев Бас прокуратура мен Ішкі істер министрлігіне Жамбыл облысындағы жарылыстардың себебін жан-жақты тергеп, тексеруді әрі кінәлілерді жазалауды тапсырды. Оған қоса, жарылыс салдарынан көз жұмғандар мен жарақат алғандардың отбасыларына қолдау көрсетілетіні белгілі болды. Бірақ қаржылық көмектің нақты көлемі әлі айтылмады. Жалпы шұғыл жиналыста тағы не айтылды?

Жалпы Жамбылдағы қазіргі ахуал біртіндеп оңалып келеді. Жарылыстан әбден зәресі ұшып, үйлерін тастап, жан-жаққа қашқандары, да жаппай эвакуацияланғандары да өз үйлеріне оралып жатыр. Арнайы бөлінген орындарда қазір 60 тұрғын қалған көрінеді. Жамбыл облысының әкімі Сапарбаев болса, оқыс жайттан қаза тапқандардың үйлеріне кіріп-шықты. Өңір басшысы өтемақы берілетінін нықтады. Бұл тұста, екінші мәселе де шыға келді. Апат болған аймақта көлік қозғалысы тоқтатылып, кешелі бері пойыздың жүруіне тыйым салынды. Тараздың вокзалында 200-ге жуық жолаушы жолынан қалып, діттеген жеріне жете алмаған. Одан бөлек, иен далада аялдап қалғандары қаншама?! Уақыты мен ақшасын жоғалтқан жолаушылардың жайын Мерей Бает айтып бермек. Қазір ол тікелей байланыста.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу