"Жамбыл облысындағы әскери бөлім қоймасынан шыққан өртті сөндіру жалғасып жатыр. Қоймада инженерлік оқ-дәрілер сақталған. Оқ-дәрінің бұл түрі жарылыс жасауға арналған және алысқа ұшатын снарядтары жоқ. Сондықтан жарылыс салдарынан жарықшақтар мен оқ-дәрі бөлшектері ұшқан жоқ. Жарылыстар негізінен толқын сипатында, қатты дыбыстар шығып, жалыны қатты болады", - деп атап өтеді ведомстводан.
Министрлік мәліметінше, қазіргі уақытта медициналық көмекке жүгінген 12 әскери қызметші туралы ақпарат бар. Аталған әскери бөлімде борышын өтеп жүрген әскери қызметшілер Жамбыл облысындағы әскери бөлімдерге эвакуацияланып, орналастырылған.