Жамбылдағы жарылыс болған ауданда жедел штаб құрылды

904

Әскери бөлімдерінің бірінде жарылыс болған Жамбыл облысының Байзақ ауданында жедел штаб құрылып, оны облысы әкімі Бердібек Сапарбаев басқарып отыр, деп хабарлайды inbusiness.kz порталы Байзақ ауданы әкімдігінің Facebook желісіне сілтеме жасап.  

Жамбылдағы жарылыс болған ауданда жедел штаб құрылды

Айта кетейік, бүгін сағат шамамен 19:00-де Жамбыл облысының Байзақ ауданында орналасқан әскери бөлім қоймаларының бірінен өрт шығып, жарылыс болды.

Қазіргі таңда жарылыстан зардап шеккендер саны 66 адамды құрап отыр. Олардың басым көпшілігі жеңіл жарақат алғандар, тек 2 адамның ғана жағдайы ауыр.

 

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу