Жамбылдағы жарылыс: Өрт сөндірушілерге қатысты қозғалған қылмыстық іс тоқтатылды

551

Өрт сөндірушілерге қатысты қылмыстық қудалауды тоқтату туралы Петиция 6000-нан астам қол жинап, тиісті нәтижесін берді. Бұл туралы петиция авторы хабарлады.

Жамбылдағы жарылыс: Өрт сөндірушілерге қатысты қозғалған қылмыстық іс тоқтатылды

Жамбыл облысындағы әскери қойма жарылысы бойынша өрт сөндірушілер – М.Шайкрамов пен А. Мұхамбетжановқа қатысты қозғалған қылмыстық іс тоқтатылды, деп жазады inbusiness.kz.

Жарылыс болған күні олар өз жандарын шүберекке түйіп, қызметтік міндеттерін абыроймен атқарған. Десек те, бұл оқиғадан соң М.Шайкрамов пен А. Мұхамбетжанов күдіктілер ретінде тергелген.

Айта кетейік, Жамбыл облысының өрт сөндірушілері әділдік сұрап, Президенттің атына петиция жолдаған.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу