Жамбылдағы жарылыс салдарынан көз жұмғандар "Айбын" орденімен наградталды

686

Президент Қасым-Жомарт Тоқаев Жамбыл облысындағы жарылыс кезінде қаза тапқан әскерилерді қызметтік борышын атқаруда көрсеткен ерлігі мен жанқиярлығы үшін наградтау туралы Жарлық етті. Құжат мәтіні Ақорданың ресми сайтында жарияланды.

Жамбылдағы жарылыс салдарынан көз жұмғандар "Айбын" орденімен наградталды

 

Қорғаныс министрлігі №28349 әскери бөлімі командирінің орынбасары (материалдық-техникалық қамтамасыз ету бойынша) – материалдық-техникалық қамтамасыз ету бөлімінің бастығы Әлімбеков Саят Жанатұлы (марқұм) І дәрежелі "Айбын" орденімен марапатталды. Сондай-ақ Төтенше жағдайлар министрлігі Жамбыл облысы төтенше жағдайлар департаменті өрт сөндіру және авариялық-құтқару жұмыстары қызметі №3 өрт сөндіру бөлімінің қарауыл бастығы Заикин Сергей Владимирович (марқұм), Қорғаныс министрлігі №28349 әскери бөлімі сақтау (инженерлік-оқ дәрілерді) бөлімшесінің бастығы – аға офицері Қырғызәлиев Ерлан Рысқұлбекұлы (марқұм) осы орденмен марапатталды.

ІІІ дәрежелі "Айбын" орденімен Төтенше жағдайлар министрлігі Жамбыл облысы төтенше жағдайлар департаменті өрт сөндіру және авариялық-құтқару жұмыстары қызметі №4 өрт сөндіру бөлімінің өрт сөндірушісі-құтқарушысы Әділбек Әділет Қанатбекұлы (марқұм), Төтенше жағдайлар министрлігі Жамбыл облысы төтенше жағдайлар департаменті өрт сөндіру және авариялық-құтқару жұмыстары қызметі №4 өрт сөндіру бөлімінің өрт сөндірушісі-құтқарушысы Кеңес Әліби Бексұлтанұлы (марқұм), Төтенше жағдайлар министрлігі Жамбыл облысы төтенше жағдайлар департаменті өрт сөндіру және авариялық-құтқару жұмыстары қызметі №1 мамандандырылған өрт сөндіру бөлімінің автомобиль жүргізуші-қызметкері Қуатбек Ғафан Жомартұлы (марқұм), Төтенше жағдайлар министрлігі Жамбыл облысы Төтенше жағдайлар департаменті өрт сөндіру және авариялық-құтқару жұмыстары қызметі №1 мамандандырылған өрт сөндіру бөлімінің  өрт сөндірушісі-құтқарушысы Тұрманов Жәнібек Жасұзақұлы (марқұм) марапатталды.

 

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу